Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті Трамптың Головкинді күтіп тұрған видеосы пайда болды (видео)

АҚШ президенті Дональд Трамптың Геннадий Головкиннің киінетін бөлмесіне келіп, боксшыны күтіп тұрған сәті пайда болды.

CRlWLryUcAAkveQ

Бейнежазба Madison Square Garden аренасында түсірілген. Сол күні қазақстандық боксшы канадалық Давид Лэмьеге қарсы жұдырықтасып, нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

CRlWLrzUwAA8k9-

GGG мен Трамптың кездесуі боксшының рингтегі жеңісінен соң болған. Видеода болашақ президенттің Головкинді қалай күтіп тұрғаны байқалады. Сондай-ақ, кадрдан Головкиннің ағасы Максим Головкин мен боксшының агенті Том Леффлерді де байқауға болады.

Кездесу кезінде Трамп қазақстандық боксшының қолын алып, оған өзінің ыстық лебізін білдірген. АҚШ-тың 45-ші президенті “Головкин керемет боксшы. Ол Мейвезермен кездесуі тиіс” деп те пікір білдірген еді.

Еске сала кетсек, Трамп 8 қараша күні өткен кездесуде жеңіске жетті. Ал Головкин бірер күн бұрын ғана Қазақстанда жекпе-жек өткізетін туралы ойы бар екенін айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ тұрғыны кешегі сайлау кезінде Мессиге дауыс берген

Бас прокурор педофилдердің неліктен жазадан құтылып кететінін айтты

Жібек Мусинованы зорлады деген күдіктілер бойжеткеннің өз еркімен қатынасқа түскенін мәлімдеді

Қазақстандық дәрігерлер Ақтауда зорланған қызды бағаналық жасушамен емдеуден бас тартты

Талқылау