Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті

АҚШ-те өткен президент сайлауында республикашылдар атынан түскен, 70 жастағы Дональд Трамп жеңіске жетті.

1304

Бұл туралы Bloomberg ақпарат таратты.

Трамп сайлаушылардың 276 дауысын жинаған. Негізгі меже бойынша кандидат 270 дауыс белесін бағындыруы тиіс.

Ал оның басты қарсыласы атанған Хиллари Клинтон сайлаушылардың 218 дауысына ие болған. Жетекші штаттар бойынша Трамп қарсыласын шаң қаптырып кете алды.

Бұған дейін Трамп өзі президент болып сайланған жағдайда елдің барлық азаматтарының президенті болуға уәде берген еді. Формальды дауыс беру 19 желтоқсанда өтеді, ал 2017 жылдың 6 қаңтарында Конгрес оның нәтижесін растайды. Президентті ұлықтау рәсімі 20 қаңтарға белгіленген.

Оқи отырыңыз:

19 жастағы қыз анасының емі үшін интимді қатынас ұсынып өзін аукционға қойды (фото)

Түркияда 500 жезөкше зейнетке шығу құқығына ие болды

Өзін-өзі өртеген британиялық әлемдік рекорд орнатты (видео)

Кесіркенің баласы өмірі үшін күресіп ондаған жыланнан әрең қашып құтылды (видео)

Талқылау