Ұшқыштардың әңгімесі жазылған: Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінен деректер алынды
Оңтүстік Кореяда 29 желтоқсанда Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе кемесінің ұшқыштар кабинасына орнатылған екі борттық жазғыштың бірінің деректері алынды. Онда ұшқыштардың сөйлескен дауысы жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тhe Нankyoreh порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Yonhap
Деректерге сүйенсек, бұл ұшқыш пен әуе диспетчері арасындағы әңгімелерді жазған сомолет кабинасына орнатылған жазғыш құрылғы.
"Ұшқыштар кабинасындағы сөйлесілген деректерді алу аяқталды. Бүгін оларды дыбыстық файлдарға түрлендіру жұмыстары басталды", - деді Оңтүстік Кореяның көлік департаментінің азаматтық авиация департаментінің директоры Чжу Чжон Ван.
Әңгімеде құстардың соқтығысуынан қозғалтқыштың зақымдалғаны, рульді басқара алмай жатқаны, сондай-ақ апатқа себеп болған шассидің жұмыс істемей қалуына қатысты ақпарат бар деп болжануда.
Сарапшылар сонымен қатар екінші жазғыш зақымданса да оған жазылған деректердің сақталатынын анықтады.
Ел билігі ұшақ апатының себебін білуді кілті болып табылатын қара жәшіктерді талдауды жеделдететінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болғаны айтылды. Апаттан 179 адамның мерт болғанын жазған едік.