Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұшаққа Ресей аумағында соққы жасалды": Әзірбайжандық депутат Ресейден ұшақ апатына қатысты кешірім сұрауын талап етті

Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мусабеков Ресей тарапы Әзербайжанның азаматтық ұшағына әуе шабуылына қарсы шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек деген талап қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Turan порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин/Расим Мусабеков

“Ұшаққа Ресей аумағында, Грозный аспанында соққы жасалды. Мұны жоққа шығару мүмкін емес. Мұны істегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өтемақы төлеу керек”, – дейді депутат.

Расим Мусабеков егер Ресей болған жағдай үшін кешірім сұрамаса, Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас басқаша жалғасатынын ескертті. Сондай-ақ депутат Ресейде әлдекімдер оқиғаға қатыстылардың ізін жасыруға тырысып жатқанын айтып қалды. 



Расим Мұсабеков Әзірбайжан мәжілісінің депутаты болып төрт рет сайланған. Ол – халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар комитетінің мүшесі.

Бұған дейін әлемдік БАҚ Ресей зымыраны Ақтауда құлаған ұшақты атып түсіргенін хабарлаған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанайдың, біреуі Астана тұрғыны болғандары анықталды.

Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні туралы айтқан еді.

Талқылау