Ұшақ атжалмандардың кесірінен 4 күн бойы рейс орындай алмаған
TAP Portugal әуе компаниясының ұшағы жүк бөліміндегі атжалмандардың қашып кетуіне байланысты төрт күн бойы ұша алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aviacao TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Португалиялық әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Азор аралындағы үй жануарлары дүкеніне жануарларды тасымалдаған. Ұшақтың жүк бөлімінде атжалмандар, күзендер мен құстар болған. Ұшақтың қонуы кезінде атжалмандар салынған қораптар зақымдалған. Нәтижесінде қораптардағы 132 атжалман қашып кеткен.
Ұшақтағы жолаушылардың ұшу кезінде құлақ қалқаны жарылып, мұрындары қанаған
TAP әуе компаниясының ұшағы 13 қарашада Лиссабоннан Азор аралындағы Понта Дельгада қаласына ұшып келіп, 17 қарашаға дейін күтуге мәжбүр болған. Понта Делгада әуежайының қызметкерлеріне барлық атжалманды ұстау үшін төрт күн қажет болған.
Еске салсақ, бұған дейін Ыстамбұлға ұшып бара жатқан ұшақтың пилоты әуеде көз жұмғаны туралы жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан