Ұшақтағы жолаушылардың ұшу кезінде құлақ қалқаны жарылып, мұрындары қанаған
Delta Airlines ұшағындағы жолаушылардың ұшу кезінде биіктіктің кенет төмендеуіне байланысты құлақ қалқаны жарылып, мұрындары қанаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: trafficnews.bg
Дереккөздің хабарлауынша, ұшақ АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласынан Орегон штатының Портленд қаласына ұшып бара жатқан. Үш мың метр биіктіктен ұшақ күрт төмендей бастап, бұл салондағы қысымның төмендеуіне әкелген. Борттағы жолаушылар қатты ауырсыну сезініп, құлақтарын ұстай бастапты. Кейбір жолаушылардың мұрнынан қан кеткен.
Жігіт қалжыңдаймын деп Алматы-Орал бағытындағы ұшақты бір сағатқа кешіктірді (видео)
Ұшақ әуежайға шұғыл қонғаннан кейін ондаған адамға медициналық көмек қажет болған. Әуе компаниясы болған оқиға үшін жолаушылардан кешірім сұрады.
Еске салсақ, бұған дейін ұшақта апаттық есікті ашып жіберген қазақстандық FlyArystan-ға 10 миллион теңге айыппұл төлейтіні туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады