"Ұрысқысы кеп, көзі аларып тұрады": Әнші Бүркіт халықтың мәдениетін сынады
Фото: https://vk.com/id77351811
Атақты әнші Бүркіт халықтың мәдениеті мен бір-біріне сыйластығы жоқ екенін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі көлікте ашуланатын жолаушыларды да атап өтті.
“Менің айтайын дегенім, халық неге қатыгез болып кеткен?! Машинамен балаңды, туған-туыстарды тасисың. Мектепке әкелген кезде кептеліс жасамау үшін ыңғайланып тұруға әрекет жасап жатасың. Бірақ артыңдағы көлікке кедергі болып қаласың. Сол кезде күтпей, айқайлап, сигнал басып жатады. Терезесін ашып, сенімен ұрысқысы кеп тұрады. Көзі аларып тұрады. Бір-бірімзге құрмет, сабыр қайда?! Сыйластық керек қой?! Мен күлем де қоям. Басқа ештеңе істей алмайын”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, Алматыда автобусты тоқтатып қойып, намаз оқыған жүргізуші жолаушының наразылығын тудырған еді.
“Куәгердің айтуынша, оқиға 3 қыркүйек күні сағат 19:05 шамасында №132 бағыттағы автобуста болған. Ол Брусиловский көшесімен Абай даңғылы бағытына қарай қозғалып келе жатқан. Алайда жүргізуші кенеттен бағытын өзгертіп, Туркебаев көшесіне бұрылып, автобусты тоқтатып, салон ішінде намаз оқи бастаған.
Видеожазбада жолаушылардың бірі жүргізушіден есікті ашуды сұрап жатқаны анық көрінеді. Әйел адам автобустың жабық тұрғанына және жүргізушінің еш жауап бермей жатқанына наразылық білдіреді.
“Мұныңыз не? Жолаушылар жүреді ғой! Сонда бұл дұрыс па? Есікті жауып тастады. Енді мүлде құлағына да іліп тұрған жоқ. Мені автобустан түсіріңіз! Тіпті есікті ашпайды”, – деді видео авторы.
Тек біраз уақыт өткен соң ғана жүргізуші есікті ашып, жолаушы салоннан шыға алды.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
