Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұрып-соғып, басымен төмен салбыратып ұстаған: Желіде Тараздағы балалар үйінде түсірілген видео тарады (видео)

Таразда «Үміт» балалар үйінің тәрбиешісі балаларға қатыгездікпен қарады деп күдіктеліп отыр. Желіде оның қатысуымен түсірілген видео тарағаннан кейін, тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұрып-соғып, басымен төмен салбыратып ұстаған: Желіде Тараздағы балалар үйінде түсірілген видео тарады

Желіде балалар үйінде түсірілген жантүршігерлік видео тарады. Видео кадрларынан әйелдің балаларға қатыгездік жасағаны көрінеді. Ол балаларды ұрып-соғып, орындыққа отырғызбай, өзін тыңдамағандарды басымен төмен салбыратып ұстаған. Хабарланғандай, видеода «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешісі түсірілген.

Балалар үйіне көршілес тұратын куәгерлердің сөзінше, мекеменің ауласынан тәрбиешілердің айқайы мен балалардың жылаған даусы жиі естіліпті.

Өз кезегінде омбудсмен Аружан Саин Тараздағы білім, денсаулық сақтау басқармалары мен полиция департаментіне тиісті сауал жолдады. Мұнан кейін әкімдік арнайы комиссия құрды.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар полицияға сотқа дейінгі тергеу жүргізу туралы арыз жазды. Сол күні Жамбыл облыстық полиция департаменті балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-тармағына (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп жазды Аружан Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің сөзінше, тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларындағы жазба алынған.

Бүгінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Тәрбиеші сот шешімі шыққанға дейін қызметінен шеттетілді.

Талқылау
Пікір
Человек
11 Қаз, 19 жыл - 11:57

Бул балалар ананын не екенин, акенин не екенин билмейтин, жетимдер, журектери жаралы. Не деген сорлылар одан ары кинап баланы. Ана бала еш нарсе тусинбейди гой. Журектери жок сорлылар Алладан корпаган. Созим жок...

Человек
11 Қаз, 19 жыл - 11:54
Мика
08 Қаз, 19 жыл - 18:38

Бұл қылмысты жылы жауып қоюға болмайды. Бәріне сабақ болу үшін жанын шығарып тұрып жазалау!

Мика
08 Қаз, 19 жыл - 18:37

"Жетім көрсең, жебей көр!" деген мақал қазақта жәй айтылмаған. Мына видеодағы жетім баланы ұрып жатқан жауыздар мен қатігездердейлер біз білмейтін  елімізде қаншама! Видеодағы баланы қинап, шошытқанжауыз қандай оңбаған! ондай иттер Жетімдердің көз жасына қалғырлар! Алла ондай итке жазасын берсін өз көзіне көрсетіп! Аумин!

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр

Әйел сүйіктісінің өзіне опасыздық жасап жүргенін картаның көмегімен білді

Ер адам бойжеткенді ұрып-соғып, ақыры істі болды

Ер адам кішкентай балықтың арқасында теңізде жоғалтқан жүзігін тауып алды

Шамамен 400 метр қашықтықты жүзіп өткен ер адам жағаға қайтып оралғанда жүзігінің жоқ екенін көрген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр