Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы тағайындады

Ұлттық статистика бюросының басшысы болып Жандос Шаймарданов тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Жандос Шаймарданов 1987 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. 2009 жылы “Болашақ” бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Йорк университетін бітірген. 

2019 жылы QazTech Ventures компаниясының басқарма төрағасы болды. 2020 жылы Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры болып тағайындалған. 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 24 Ақпан, 2022 17:21
Талқылау