Ұлттық хоккей лигасында жаңа маусым басталады: "Флорида" чемпиондық маусымды ашып береді
Фото: Getty Images
Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) жаңа 2025/26 маусым ресми түрде 7 қазанда басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ашылу күнінде бірден үш ойын өтеді.
Маусымның басты матчы – өткен маусымның чемпионы "Флорида Пантерс" пен "Чикаго Блэкхокс" арасындағы кездесу. Ойын "Amerant Bank Arena" аренасында өтеді және "Флорида" командасы өздерінің чемпиондық туын көтереді.
Күннің екінші ойынында "Рейнджерс" өз алаңында "Питтсбург Пингвинзбен", ал түнгі уақытта "Лос-Анджелес Кингз" командасы "Колорадо Эвеланшпен" "Crypto.com Arena" аренасында кездеседі.
Жаңа маусымның басты назар аударар сәттері:
-
"Флорида" үшінші рет қатарынан Кубок Стэнлиді жеңіп алуға тырысады.
-
2026 жылғы Олимпиада ойындарына ҰХЛ жұлдыздарының қатысуы күтілуде.
-
Бірінші нөмірмен драфтқа таңдалған Мэттью Шефер алғаш рет негізгі құрамда ойнамақ.
-
"Эдмонтон Ойлерс" капитаны Коннор Макдэвид клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды.
-
"Флорида" капитаны Александр Барков тізе жарақатына байланысты маусымның бас бөлігін өткізіп алуы мүмкін.
-
Сонымен қатар, "Колорадо Эвеланштың" тәжірибелі қорғаушысы Эрик Джонсон 17 маусымнан кейін кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлады.
ҰХЛ маусымының алғашқы кездесулері:
Флорида – Чикаго, 8 қазан, 00:00, Amerant Bank Arena
Рейнджерс – Питтсбург, 8 қазан, 03:00, Madison Square Garden
Лос-Анджелес – Колорадо, 8 қазан, 05:30, Crypto.com Arena
Жаңа маусымдағы тартыстар мен тосынсыйлар хоккей жанкүйерлерін тағы бір қызықты кезеңге жетелейді.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
