"Бавария" Упамеканоммен келісімге келуге жақын, бірақ бонус дауы шешілмей тұр
Фото: Getty Images
"Бавария" жақында Упамеканоммен келісімге келмек, бірақ мюнхендік клуб Дэвистей сыйақы төлеуге дайын емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мюнхеннің "Бавариясы" қорғаушы Дайо Упамеканомен жаңа келісімшарт жайлы келіссөз жүргізіп жатыр. Қазіргі келісім маусым соңында аяқталады.
Журналист Кристиан Фальктің хабарлауынша, тараптар футболшының негізгі жалақысы бойынша ортақ шешімге келген. Алайда келісімге кедергі болуы мүмкін басты мәселе — қол қою бонусы.
Өткен маусымда Альфонсо Дэвис жаңа келісімге қол қойғанда шамамен 20 миллион еуро көлемінде бонус алған болатын. Бірақ "Бавария" дәл осындай соманы Упамеканоға төлеуге әзір емес.
Клуб басшылығы қорғаушымен келісімді ұзартуға мүдделі болғанымен, қаржылық талаптарда айырмашылық сақталып отыр.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады

