Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономиканың жаңа вице-министрі тағайындалды

Азамат Кемеңгерұлы Әмрин Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Азамат Әмрин 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Мамандығы экономист-менеджер, құқықтану саласының меңгерген. Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.

1997 жылдан 2008 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Салық комитетінде түрлі лауазымдар атқарды.

2008-2011 жж. — СҚО Шал ақын ауданының әкімі. 2011-2012 жж. — «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері.

2013-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары.

2015 жылғы қаңтардан бастап қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып еңбек етті.

 

Талқылау