Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытауда тұрғын отбасымен бірге Сирияға барып, террористік топтың құрамына кірген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау облысы тұрғынына қатысты терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және террористік топтың қызметіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты ер адамды кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

"Тергеу барысында 2016 жылы сотталған адам отбасымен бірге Сирияға барып, "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғандығы анықталды", – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелдегі орны анықталып, шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстап, маусым айында ҰҚК айдауымен Қазақстанға жеткізді.

22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.

Талқылау