Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысында прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде малды қағып кету фактілері 67% азайды

Ұлытау облысында прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде малды қағып кету фактілері 67% азайды

Фото: Pexels.com

Ұлытау облысы дәстүрлі түрде еліміздегі мал шаруашылығы жақсы дамыған өңірлердің бірі болып саналады. Дегенмен ауыл шаруашылығы жануарларының автожол маңында бақылаусыз жүруі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ұлытау облысының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осындай фактілердің алдын алуға бағытталған жол картасын іске асырылып жатыр.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 232 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылы малға соқтығысу деректері 67%-ға азайды. Бұл көрсеткіш құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының тиімділігін айқын көрсетеді.

Прокуратура алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін және олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударатын болады.

Айым Болатқызы
Жұма, 17 Қазан, 2025 12:00
Талқылау