Табысы 68 миллион теңге: "MetaGo" қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қатысты тергеу аяқталды
Қаржы мониторингі агенттігі "MetaGo" қаржы пирамидасын жарнамалап, оған басшылық еткендерге қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы "MetaGo" қаржы (инвестициялық) пирамидасын жарнамалаумен айналысқан. Сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы аумақтық құрылымдық бөлімшесін басқарған.
“Олар облыс тұрғындарына жоғары табыс уәде етіп, инвестицияларын тартқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған тұлғалардың заңсыз қызметінен түскен табыс мөлшері 68 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Сондай-ақ 37 млн теңгеден астам сомалық мүлікке тыйым салынды”, – делінген хабарламада.
Агенттік қылмыстық процестік кодестің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттың жария етілмейтінін мәлімдеді.
Бұған дейін Жезқазғанның екі тұрғыны қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін тергеліп жатқаны туралы жазған едік.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен