Ұлытау облысында белсенді жастарға арналған "Ulytau Go" жастар лагері өтуде
27-29 тамыз күндері Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы "Ulytau Go" жастар лагері бастау алды. Аталған шара өңірдің үздік және белсенді 50 жасының басын қосып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лагерьге Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан жас кәсіпкерлер, волонтерлер, жұмысшы жастар және қоғамдық белсенділер қатысуда.
Үш күнге жоспарланған бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, кәсіби бағытын айқындауға және жаңа ортада тәжірибе алмасуына бағытталған. Лагерь барысында:
- “Жеке бренд қалыптастыру”;
- “Мобилография ерекшелігі”;
- “СММ” тақырыптарында семинар-тренингтер;
- Спорттық жарыстар мен қазақ тіліндегі интеллектуалды “ТезТап” ойыны өтеді.
Жастар лагерьдің үшінші күні тарихи орынға — Жошы хан кесенесіне саяхат жасап, Ұлытаудың рухани-мәдени мұрасымен танысады.
“Ulytau Go” лагері – жастардың жаңа идеяларын іске асыруға, көшбасшылық қабілетін дамытуға және өңірдің белсенді жас буынын біріктіруге арналған маңызды алаң.
Талқылау

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
Бөкейхан: "Германияда балабақша қызметкерлері ата-анамызға бізбен немісше сөйлесу керегін ескертіп отыратын"

Қазақстандық белсенді уақыт белдеуін қайтару үшін партия құрмақ: Ол зерттеу жүргізіп, қазіргі уақыттың халыққа зиян тигізіп жатқанын анықтады
Шығыс Қазақстан облысының өзінде тонау қылмысы 2,5 есе артқан