Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлын құтқарамын деп көз жұмды: Әкесі мен баласын автобус қаққан сәттің видеосы пайда болды (видео)

Қызылордада автобус әкесі мен баласын автобус қағып кеткен еді. Салдарынан ер адам мерт болды. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соңы адам өліміне алып келген қайғылы жағдай автобустың видеотіркеуішіне түсіп қалған. Желіде тараған видео кадрларынан қоғамдық көліктің көшеде жүріп бара жатқаны көрінеді. Осы кезде сол жақта тұрақта тұрған көліктердің арасынан кенеттен бала жүгіріп шығады. Оны көрген әкесі бірден артынан жүгіріп, ұлын өз денесімен қорғап қалмақ болды. Алайда автобус екеуін де қағып кетті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Еске сала кетсек, Қызылордада 4 жасар ұлын құтқармақ болған әкесін автобус қағып мерт қылғанын хабарлаған едік. Ал зардап шеккен бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 

Полиция мәліметінше, автобус жүргізушісінің тұлғасы анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. 

Талқылау