Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ұлымды көрмегеніме – 20 жыл": "Бөрте" рөлін сомдаған актриса Айя Шәріптің тұңғыш ұлын экс-күйеуі Америкаға алып кеткен

Фото: Жеке парақшадан алынды

Көпшілікке “Бөрте” спектаклі арқылы танымал болған актриса, опера әншісі Айя Шәріп жан сырын ақтарып, жеке өміріндегі құпияны бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі продюсер Баян Мақсатқызының “Алтын ханым” байқауына қатысып жатыр. 

"Жүрегімде жазылмаған жара, үзілмеген үміт бар. "Алтын ханым" байқауы арқылы 20 жыл көрмеген баламды іздеймін. Балам бес жасқа толғанда бұрынғы күйеуім тартып алып, Америкаға алып кетті. 25-ке толған Айбегімді әлі күнге дейін күтемін. Әрбір орындаған әнім – жүрегімнің айғайы, әрбір сомдаған рөлім – жандүниемнің қайғысы. Бұл байқау өнер сайысы ғана емес, мен үшін үмітімнің соңғы жалыны", – дейді актриса.


  • Жарты миллион долларға қойылған қойылым: Түркістанда тұсаукесері өткен "Бөрте" спектаклінің қаржысы қайда кетті?

  • 246 млн жұмсалған "Бөрте" қойылымы: Түркістан облысының әкімі шу болған қойылымға қатысты түсінік берді


Театр жұлдызының сөзінше, 16 жасында сырға салынып, 18 жасында тұрмысқа шыққан. Алайда күеуімен қарым-қатынасы өте нашар болған. 

“Маған мектепті бітірмей жатып, 16 жасымда сырға салып қойды. Әкем 18 жасқа толғанда күйеуге беремін деді, бірақ күйеуім сөзінде тұрмай, мені алып қашып кетті. Балалы болғаннан кейін Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне түсіп, оқуымды бітірдім. Жолдасыммен 6 жыл бірге тұрдық. Сол жылдар мен үшін өте қиын өтті, ара-қатынасымыз нашар болды. Әке-шешем мені алып кетіп, құтқарды. Күйеуіммен ресми ажыраспай тұрып, ол ұлымды балабақшадан алып, қашып кетті. Кейін сот үлкен баламды әкесімен қалады деген шешім шығарды. Кіші балам менімен қалды", – деп көз жасына ерік берді опера әншісі. 

Еске салайық, желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жобасын сынап, ақша бермегенім үшін екінші кезеңге өтпей қалдым деген еді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 16:46
Талқылау