Ұлыбританиялық ханзада мен оның әйелі патшалық лауазымдарынан бас тартты
Ұлыбританиялық Гарри ханзада мен Меган Маркл патшалық отбасының лауазымдарынан бас тартатындығы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ерлі-зайыпты өздерінің Instagram-дағы парақшаларында жазыпты
Гарри мен Меган алдағы уақытта ресми ісшараларда монархиялық отбасының өкілдері болмайтындығын айтқан. Дегенмен патшайым алдындағы борыштарын толығымен өтеп, оған қолдау білдіретіндіктерін жеткізіпті.
Олар қаржы жағынан өздерінің патшалық отбасыдан тәуелсіз болуды қалайтындықтарын және алдағы уақытта қайырымдылық ұйымын ашқылары келетіндіктерін қосыпты. Олар Ұлыбритания мен АҚШ арасында көшіп жүруді ұйғарыпты.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ