Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания үшінші рет ұлттық локдаун енгізбек

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус инфекциясының нашарлауына байланысты елде үшінші ұлттық локдаун енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Британия

"Вирустың жаңа түрі қорқынышты жылдамдықпен таралуда. Үшінші ұлттық локдаун қажет екені анық" -, деді Ұлыбритания премьер-министрі халыққа жасаған үндеуінде. 

Мұндай қатаң шаралар елдегі эпидемиялық жағдайдың тез нашарлауына және ауруханалардың толып кету қаупіне байланысты. 

"Егер шектеулер орнатылмаса, Денсаулық сақтау жүйесі 21 күн ішінде шамадан тыс жүктелуі мүмкін", - деп қосты Джонсон. 

Карантин кем дегенде ақпан айының ортасына дейін созылады. 

Айта кетейік, локдаун кезінде ағылшын мектеп оқушыларының көпшілігі сейсенбіден бастап қашықтан оқитын болады. Пабтар, кафелер және бірқатар азық-түлік емес дүкендер жабылады. 

Азаматтарға үйден тек — дүкенге, дәріханаға, дәрігерге бару немесе қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болмаса, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсанның ортасында Ұлыбританияда коронавирустың мутацияланған түрі табылды. Штамм жоғары жылдамдықпен таралады және әдеттегіден 70% жұқпалы болуы мүмкін. 

Алайда жаңа штаммның өлім-жітім тұрғысынан қауіпті екендігі туралы дәлел жоқ. Әлемнің 20-дан астам елі инфекцияның осы түрінің таралуы туралы ақпарат пайда болғаннан кейін Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатты.


Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясы балаларға өте қауіпті екенін айтты

STAN.KZ
Сейсенбі, 05 Қаңтар, 2021 10:15
Талқылау