Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания ханзадасы коронавирустан айықты

Коронавирус жұқтырғаны ресми түрде расталған Чарльз ханзада ауруынан айықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Чарльз

Бұл туралы Уэльс ханзадасының баспасөз-хатшысы мәлімдеді.

Оның айтуынша, Чарльз өзін жақсы сезінеді. Тақ мұрагері тұратын Кларенс-хаус резиденциясының өкілдері дәрігермен кеңескеннен кейін Уэльс ханзадасы үшін өзін-өзі оқшаулау режимін жою туралы шешім қабылданғанын растады.

23 наурызда ханзада Чарльз және оның әйелі, Корнуоль герцогинясы Камиилла Камилла коронавирусты тексеру үшін тест тапсырды және келесі күні олар оның нәтижесін білді. Ханзадада сынама оң нәтижені көрсетті, ал Камиланың инфекцияны жұқтырмағаны анықталды. Мұны көпшілікке жарияламас бұрын, ханзада ханшайыммен және ұлдарымен - ханзада Уильям мен ханзада Гарримен байланысқа шыққан.

Айта кетейік, Ханзада Чарльз  патшайым II Елизаветаның ұлы, Ұлыбритания патшалығының бірінші мұрагері. 

Бұған дейін ханзада Чарльздың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 31 Наурыз, 2020 08:36
Талқылау