Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК қара нарықта атыс қаруын сатқан 23 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер министрлігімен бірлесе бір уақытта 7 өңірде арнайы операция өткізді. Нәтижесінде қара нарықта қару сатқан 23 адам ұсталып отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: ҚР ҰҚК

Ақпарат ресми сайтта жарияланды. Дерекке сүйенсек, арнайы операция Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында бір мезгілде жүргізілген. 

“Олардан 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды. Қару мен оқ-дәрілер жасауға арналған арнайы жабдықтары мен жинақтары бар 7 қолдан жасалған цехтың жасырын әрекеті жойылды. Ұстау алдында ұзақ жете тексеру жүргізіліп, оның барысында әртүрлі калибрлі ұрыс патрондары мен оқ-дәрілерге келтіріліп қолдан жасалған "Калашников" автоматын, үш тапаншаны жедел сатып алу жүзеге асырылды”, – делінген ақпаратта.

 

Фото: ҚР ҰҚК

Сонымен қатар ведомствада қаруды өткізу тәсілдері де анықталғанын айтты. Яғни күдіктілер "Darkshop" деп аталатын интернеттің көлеңкелі сегментіндегі сауда алаңдарында өз ісін жүзеге асырып отырыпты. Әрі топ мүшелері құпиялылық пен қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтаған, әрқайсысының рөлі мұқият бөлініп берілген. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Талқылау