Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Эскалаторға қолын қысып, жарақаттанған қыздың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Астана қаласының полициясы Елорданың орталық базарында эскалатордан түсіп келе жатып, қолын қысып алған екі жасар қыздың оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Эскалаторда жарақат алған қыздың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жарақатанған қыз туралы ақпаратты полиция бөлімшесіне ауруханадағылар 22 мамыр күні түстен кейін хабарлаған.

Баланың әжесінің айтуынша, ол эскалатордан қызы және немересімен бірге түсіп келе жатқан. Сол уақытта бүлдіршін қолдан жұлынып шығып, баспалдаққа отырып алған. Содан қыздың қолы эскалатордың баспалдағына қысылып қалып отыр.

Бүлдіршінді тексерген дәрігерлер қыздың оң қолының бесінші саусағы сынған және сол қолдың бесінші саусағын қатты жарақаттап алған деген диагноз қойды.

Енді бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігіне (Қауіпсіздік талаптарын сақтамайтын қызметтер көрсету) сәйкес алдын ала тергеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда мамыр айында қар жауды (видео)

Шымкентте мешітке келушілер ауызашарға берілетін талон үшін төбелесе жаздады

Оралда ерлі-зайыптылар ғаламтордағы нұсқаулар бойынша жасанды ақша басып шығарған

Мәжіліс салықты 10 есеге қысқарту жөніндегі жобаны мақұлдады

Талқылау