Шымкентте мешітке келушілер ауызашарға берілетін талон үшін төбелесе жаздады

Шымкенттегі Абдул Хамид Каттани мешітінде ауызашарға келушілерге талон берілуде. Ал мұндай жаңалық қала тұрғындарының ашуын келтірді. Олар дастарханды мешітпен байланысы жоқ бай адамдар жасайды, деп талон енгізгендердің әрекетін сынға алды.

Шымкентте мешітке келушілер ауызашарға берілетін талон үшін төбелесе жаздады

Бұл туралы otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал Шымкент халқы діни қызметкерлер не үшін өздігінен тәртіп орнатып алды деп ашуланып отыр. Олардың сөзінше, мешіттегілер тамақтануға арналған талондарды саудалайды екен.

Бірақ, мешіт қызметкерлері талондарды енгізу мәжбүрлі шара және олар тегін беріледі, сондықтан осындай талондар әрине бүкіл халыққа жетпейді дейді.

«Талондар жақында ғана пайда болды. Себебі, ауызашарға ораза ұстамаған адамдар да, маскүнемдер келетін болып кетті. Бұрын біз мүмкіндігінше барлық адамдарды тамақтандыруға тырыстық. Қазір адам көп. Барлығына тамақ жеткілікті болсын деп, осындай қадамға баруға мәжбүрміз. Біздің мешітке намаз оқуға 600-700 адам келеді. Кеше мешітте ауызашар болды. Дастархан 150 адамға ғана арналып жасалған болатын. Біз талондарды мешітке жиі келетіндерге ғана тараттық»,- дейді Абдул Хамид Каттани мешітінің ұстазы Ералы Есенгелдиев.

Бірінші топ мүгедегі Әбсаттар аға да ораза ұстағандардың бірі. Ақсақал талондардың енгізілуін және өздерінікін жұдырықпен дәлелдейтін отандастарын да қолдамайды.

«Кеше қолында талоны болмағандар және ауызашарға қатыса алмағандар шу көтерді. Тіпті, бір-біріне жұдырық ала жүгіргендер де бар. Тұрғындар дастарханға өздері кіргізбей отыр, ал оны басқа адамдар жайған болатын деп мешіт өкілдерін кінәлады. Еске сала кетейін, дастарханды мешіт қызметкерлері жасамайды. Олар жәй ғана ұйымдастыруға көмектесіп, орын беріп, мешітке келушілерді шақырады»,-дейді ақсақал.

Ал мешіттегі діни қызметкерлердің айтуынша, талондар – жағдайдан шығудың жолы ғана. Олар 150 адамның орнына төрт есе адам көп келетіндіктен, біреуді қорлау немесе пайдаланып кету деген ой болған жоқ дейді.

Тағы да оқыңыз:

Оралда ерлі-зайыптылар ғаламтордағы нұсқаулар бойынша жасанды ақша басып шығарған

Мәжіліс салықты 10 есеге қысқарту жөніндегі жобаны мақұлдады

Шымкентте жоғалып кеткен ақыл-есі кем жігіт табылды

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте ауруханада көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар