Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен ақыл-есі кем жігіт табылды

Құдайберген Тұрсынбай есімді 29 жастағы жігіт табылды.

Ақыл-есі кем жігіт 17 мамыр күні қаладан табылған.

«Шымкент қаласында жоғалып кеткен жігітті жедел-жәрдем қызметі Қапал батыр көшесінде ауырып тұрған жерінен тауып, ауруханаға жеткізген. Ол неврология бөліміне жатқызылды. Соңынан писхоневрология диспансерінен дәрігерлер шақыртылып, жас жігітті тексерді. Дәрігерлер науқасты облыстық психоневрологиялық диспансеріне жатқызу керек деген қорытындыға келіп, ол 21 мамыр күні сонда жатқызылды. Ал, 22 мамыр күні науқастың туыстары табылып, оны алып кетті», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Туыстары 18 мамырдан бастап жігітті іздей бастады. Іздеуге полицейлер де жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыз:

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте ауруханада көз жұмды

Синоптиктер алматылықтарға қатты дауыл болатынын ескертуде

Талқылау