Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шенеуніктің қызы 250 мың тұратын көйлекті жарысқа киіп, дүкенге кері қайтарған

Мәжілістің бұрынғы депутаты Қайрат Сәдуақасовтың жары Ұлболсын Есенбекова қызына арнап тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжанның киім бутигінен құны 250 мың теңге тұратын көйлекті алған. Халық қалаулысының қызы дизайнерлік киімді Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен сұлулық байқауына киіп шығып, ол аяқталған соң көйлекті дүкенге қайтарып берген. Бұл туралы Динара Сәтжан «Время» газетіне берген сұхбатында айтып берді.

шоурум динары сатжан

«Біздің дүкенімізге қызын ертіп бір әйел келді. Олар танымал дизайнер Наиль Байкучуковтың қолынан шыққан көйлекті киіп көрді. Жалпы Астанада тойға не бітіру кешіне Наильдің көйлегін кию үлкен абырой саналады. Қыз барлығын ұнатты, алайда анасы басқа да көйлектерді көргісі келді. Арада бір не екі күн өткен соң әлгі әйел қайта келді, бұл жолы жалғыз. Өзі дүкен жабылуға шақ қалғанда, сағат 10-ға таман келді.

Ол көйлекті шетелден келетін басқа қызы үшін алғысы келетінін және оған тосынсый әзірлейтінін айтты. Өлшемінің сай келмеуінен қорыққандықтан, әйел көйлекті үйге алып кетіп киіп көруді сұрапты. Көйлектен бөлек әйел екі әшекей бұйымды таңдап алды: диадема және танымал дизайнер Әсем Нұрсейітованың қолынан шыққан алқа. Барлығын қосқанда – 245 мың теңге шықты. Сатушы маған хабарласып, жағдайды түсіндірді. Мен қарсы болған жоқпын, тек ақша қалдырып кетсін дедім. Және көйлек сәйкес келмеген жағдайда оны таңертең қайтарып беруін өтіндім. Біз ештеңеден күдіктенбедік. Ақырында әйел көйлекті тек келесі күннің кешінде әкеліп берді. Өлшемінің сәйкес келмегенін айтып, ақшаны алып кетті», – дейді Динара Сәтжан.

платье наиля в магазине динары

Одан кейін тележүргізуші әлеуметтік желіден байқау суреттерін байқап қалған.

«Менің құрбым, дизайнер Аида Кауменова байқауда төрелік еткен. Ол да суреттерді желідегі парақшасына салды», – деп жалғады сөзін тележүргізуші.

Өзін алдап соққаннын білген соң Динара байқау ұйымдастырушыларына, одан кейін мектеп әкімшілігіне хабарласып, көйлекті киіп шыққан қыздың ата-анасының нөмірін сұраған.

«5-6 рет алмады. Әйтеуір бір кезде тұтқаны ер адам көтерді. Түсінгенім бойынша, ол Ұлболсынның күйеуі. Ол кісі көйлектің байқауда киілгенін мойындады. Алайда киім көңілдерінен шықпағандықтан оны сатып алмайтындарын жеткізді. Киілген көйлекті сатылымға шығара алмайтынымызды түсіндіруге тырыстым, алайда ол кісі тыңдамады, «бұл өз проблемаларыңыз» дегенге келтірді», – дейді Динара.

Одан кейін Динара Сәтжан Ұлболсын Есенбекованың өзінің бұрынғы әріптесі («Қазақстан» арнасында жұмыс істеген), ал күйеуінің депутат болғанын анықтаған.

Телефон арқылы ортақ мәмілеге келе алмайтынын түсінген Динара енді не істерін білмей отыр.

сатжан динара 110417 2

“Бір кешке көйлек, алқа мен диадеманы алып, сұлулық байқауына қатысып болған соң оларды қайтарып беру. Мұны не деп атаймыз? Әсіресе, әлеуметтік желінің дәуірінде”, – дейді ашынған тележүргізуші.

динара сатжан 1104

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Түнтековтің өз тағдыры жайлы клипі тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)

Гүлзира Айдарбекова күйеуінің тойдан 1 000 доллардан кем алмайтынын айтты

“All Давай” тобының әншісі ел алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды (фото)

Талқылау