Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰБТ тапсыруға көмектескен: Атырау облысында бюджет ақшасын жымқырған бір топ алаяқ шенеуніктер сотталды

Атырау облыстық әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде жемқорларлар туралы хабар айтсаңыз, сыйақы аласыз

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова Н., облыстық білім беру басқармасының басшысы Кенжеғалиев К. және оның орынбасары Қабдулова Р., «Н.Тлендиев атындағы облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар кіші өнер академиясы» ММ-нің бас есепшісі Мажитова Н., «Облыстық білім беру басқармасының әдістемелік орталығы» ҚМҚК-нің басшысы Кабекенов Г.  және ҚМҚК-нің бас есепшісі Иманғазиеваға К., «Геолог Қазақстан» сауықтыру пансионаты ҚМҚК-нің бас есепшісі Жамелова К. және оның оның көмекшісі Забенов Б. қатысты тергеу аяқталды.

Олар бюджеттен бөлінген 118 млн. теңгені жымқырып, сондай-ақ тауарларды жеткізу келісім-шарттарын жасауға, аттестаттан өтуге және ҰБТ тапсыруға жәрдемдескені, ақшалай сыйақымен көтермеленетін үміткерлердің тізіміне енгізгені үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

"2020 жылдың 06 ақпанында Атырау қалалық №2 сотымен сотталды: Сайлауова Н. бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ «Құрмет» Ордені мемлекеттік наградасынан айыруға ұсыныс енгізілді. Кенжеғалиев К. бюджет қаржысын жымқырғаны, лауазымын асыра пайдаланғаны, пара алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелді. Кабдулова Р.  бюджет қаржысын жымқырғаны, пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мажитова Н. Қабикенов Г. бюджет қаржысын жымқырғаны және алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Имангазиева К., Жалелова К., Забенов Б. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу", - делінген ресми хабарламада.

Барлық сотталушы тұлғалар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылыпты.

STAN.KZ
Бейсенбі, 06 Ақпан, 2020 19:39
Талқылау