Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WTA рейтингінде Қазақстан теннисшілерінің орны белгілі болды

Фото: фотоколлаж/спортшылардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Нью-Йоркте басталған US Open 2025 турнирінің алдында жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жекелей сындағы үздік ондықта өзгеріс болған жоқ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина оныншы орында тұр. Екінші нөмірлі теннисші Юлия Путинцева бір сатыға төмендеп, 55-орынға түсті.

Рейтинг көшбасшысы – Беларусь өкілі Арина Соболенко. Одан кейін поляк спортшысы Ига Швентек, ал үздік үштікті америкалық Коко Гауфф түйіндеді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина оныншы орнын сақтап қалды. Ол Кливлендте өткен WTA 250 турниріндегі жеңісі арқасында қосымша ұпайға ие болды.

Еске салайық, бүгін Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open турниріндегі алғашқы ойындарын өткізеді. Рыбакина америкалық Хульета Парехамен, ал Путинцева италиялық Элизабетта Коччареттомен кездеседі.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 13:57
Талқылау