Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

WhatsApp арқылы жасалатын алаяқтықтың тәсілдері анықталды

WhatsApp алаяқтықтың басым көпшілігі әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асырылады. Бұл  туралы Ресей сапа жүйесі басшысының орынбасары Юлия Лоевский айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, алаяқтар пайдаланушыны сілтеме арқылы өтуге немесе файлды жүктеуге шақырады. Ол үшін олар атақты компаниялардың аттарын пайдаланады және өзекті тақырыптар алады. Мысал ретінде Юлия Лоевский пайдаланушыларға бір компанияның мерейтойына орай ең төменгі бағамен 1000 гигабайт интернетті ұсынған жағдайды келтірді. Сенімділікті күшейту үшін алаяқтар WhatsApp-та жалған ресми профильдері жасайды, компанияның атауы мен дизайнын көшіреді.

Лоевский егер кез-келген жеке ақпаратты беру туралы хабарлама келсе, бұл тұзақ екенін еске салды. Хабарламаны жаңарту, белсенділігіңізді растау, эмодзилерді жаңарту немесе оны ақысыз пайдалануды жалғастыру үшін осы хатты бірнеше контактілерге жіберу ұсынылса да күдіктенуге болады.

"Алаяқтардан ішінара қорғану үшін мессенджер параметрлеріндегі медиа файлдарды автоматты түрде жүктеуді өшіріп, бейтаныс аккаунттардан файлдарды қабылдамаған жөн, - деп кеңес берді Лоевский.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2020 12:23
Талқылау