VPN Пәкістанда ресми түрде харам деп танылды
Пәкістанның Ислам идеялары кеңесінің төрағасы Рағиб Хуссейн Наими бұғатталған немесе заңсыз сайттарға кіру үшін VPN пайдалану харам екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ferra басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com
Наимидің сөзінше, шариғат заңы бойынша азғындықты насихаттайтын әрекеттерге тыйым салынған.
“Әдепсіз немесе күпірлікке толы мазмұндағы блоктарды айналып өту үшін пайдаланылатын VPN күнәні насихаттайды. Үкіметтің ислам құндылықтарына қайшы келетін VPN қызметтерін бұғаттаған жөн”, – деді ол.
2023 жылдың мамыр айының басында Ислам идеялары кеңесі әлеуметтік медианы және онлайн-контентті реттеу шараларын ұсынды. Оның ішінде әлеуметтік медианы арнайы реттеушіде тіркеу және "хабарландыру науқандарын" жүргізу де бар.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан