Алматыда "Алтын Орда" базарының маңындағы дәмхана өртенді (видео)
Желіде Алматыда "Алтын Орда" базары маңындағы өрт оқиғасы түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 9 қыркүйек күні сағат 09:20-да басталған.
"Күштер мен құралдар Наурызбай ауданы, Ташкент трактіндегі 17/1 мекенжайына жөнелтілді. Оқиға орнында жұмыс істемейтін үй-жайдың шатыры өртке оранды. Сосын жалын 100 шаршы метр аумақтағы бір қабатты ломбардтың шатырына көшкен. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 15 минутта ауыздықталып, 09:48-де өрт орнынан 50 литрлік газ баллоны шығарылды", – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында көшедегі жолда қоқыс таситын көлік өртеніп, жойқын жарылыс болғаны туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"