Маңғыстау облысында көшеде қоқыс таситын көлік өртеніп, жарылыс болды (Видео)
Маңғыстау облысында көшедегі жолда қоқыс таситын көлік өртеніп, жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Маңғыстау облысының ТЖ департаменті видео кадрларынан
Жарылыс күшті болғаны сонша, жақын маңдағы ғимарат әйнектер ұшып кеткен.
Маңғыстау облысының ТЖ департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.
“7 қыркүйекте сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының жанындағы жол бөлігінде қоқыс таситын көлік өртенді.
Көлікте газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны әйнектерді қағып, 20 метр жерде орналасқан азық-түлік дүкенінің баннерін зақымдады”,- делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады