Венесуэладағы революция: жүз мыңдаған адам көшелерге шықты (видео)

Венесуэлада мемлекеттің президенті Николас Мадуроға қарсы көтеріліс өтіп жатыр.

Венесуэладағы революция: жүз мыңдаған адам көшелерге шықты (видео)

Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Каракас, Валенсия, Сан-Кристобаль және мемлекеттің басқа да үлкен қалаларында мыңдаған адам көшеге шыты. Тұрғындары Мадуроның орнынан кетуін талап етіп, өзін өзі президентпін деп жариялап алған, оппозиция лидері Хуан Гуайдоның қолдады.

 

Полициямен қақытығыста кемінде 4 адам көз жұмды. Олардың ішінде 16 жастағы жасөспірім де бар.

 

23 қаңтарда Хуан Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті ретінде жариялап, ант берген еді. Ол сайлаудың еркін өтуі үшін қарулы күштердің көмегімен мемлекет басшысының міндеттерін атқаратынын мәлімдеді. Оның өкілеттілігін АҚШ президенті Дональд Трамп, сонымен қатар Аргентина, Канада, Перу, Колумбия және басқа да мемлекеттердің билігі мойындады. Ал Ресей мұны жасаудан бас тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр