Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венесуэланы біз басқаратын боламыз – Трамп мәлімдеме жасады

трамп венесуэла мәлімдемевидеодан скрин

Дональд Трамп АҚШ Каракаста жүргізілген әскери операциядан кейін Венесуэланы басқаруды өз қолына алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Америка Құрама Штаттары Венесуэланы іс жүзінде өз басқаруына алады — кемінде елде "заңды билікке шынайы түрде өкілеттіктер берілгенге дейін".

"Біз елді белгілі бір топпен бірге басқарамыз және бұл басқарудың дұрыс жүргізілуін қадағалаймыз. Біз елді билікті қауіпсіз, тәртіпті және ақылға қонымды түрде тапсыру мүмкіндігіне қол жеткізгенге дейін басқара береміз", –  деді Трамп. 

Дональд Трамп агрессивті түрде жасалған соққының мән-жайын түсіндіріп, тікелей эфирге шықты.

Оның сөзінше, америкалық әскери операция қазіргі кезеңмен шектелмеуі мүмкін. Трамптың айтуынша, АҚШ армиясында екінші соққы толқынының дайын жоспары бар, ол алдыңғысынан "әлдеқайда қуатты" болмақ. Дегенмен, ол мұндай қажеттілік туындамауы да мүмкін екенін қоса айтты. 

"Ешбір мемлекет дәл АҚШ сияқты аз уақытта жетістікке жете алмайды. Кеше Каракаста электр жарығы өшірілді. Мадуро өз әйелімен тұтқындалды. Олар Американың сотымен жазаланатын болады", - дейді Трамп.

Оның айтуынша, АҚШ-тың бір де бір әскериі зардап шеккен жоқ.

"Бірінші соққы өте сәтті өтті. Егер керек болса соққының екінші толқынын жасауға дайынбыз. Әрине оның қажет болмауы да мүмкін. Бірақ біз екінші толқынды, яғни ең ірі соққыны жасауға дайынбыз. Венесуэланың халқы қауіпсіздікте өмір сүру үшін аянып қалмаймыз", - дейді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, Венесуэладан жылдар бойы жеткізілген есірткінің салдарынан жүз мыңдаған америкалық зардап шеккен.

"Федералды қызмет араласуына тура келді. Зорлық-зомбылықпен айналысып, халықты үреймен ұстаған Мадоуро бандысы енді болмайды. Олар адамдарды ұрып-соғып, ұрлаумен айналысты. Енді террористік ұйымар америкалықтарды үрейде ұстамайды. Мадуро режимі америкалықтардың өміріне қауіп төндірді. Венесуэла басшылығы Американың мұнай саласын басып алып, милиардтаған доллар шығын келтірді. Мадуро режимі Американың меншігін ұрлады", - деп айыптады АҚШ президенті.

Венесуэлада Мадуроның қарулы режимін жойдық деген Трамп АҚШ мемлекетінде есірткі саудасына енді жол берілмейтінін айтты.

"Мадуроны бұған дейін қаперге алмап ек, енді мұндайға жол бермейміз. Америкаға қауіп тудыратын мемлекет Трамптың кезінде болмайды. Өз шекарамызды қорғайтын боламыз, кез келген қауіптен қорғайтын боламыз. Мен жеке басым террористерге ешқашан жол бермеймін. Венесуэла диктаторлары кетті, енді халық қауіпсіз. Америка қауіпсіз мемлекет болады.", - дейді Трамп.

Трамп сондай-ақ Венесуэлаға америкалық мұнай компаниялары келетінін мәлімдеді. Олардың міндеті — қираған мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіріп, елге мұнай экспортынан түсетін табысты қайта әкелу. Мұны Трамп венесуэлалықтарды "бай, тәуелсіз әрі қауіпсіз" етуге бағытталған "көмек" деп атады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Венесуэла астанасы Каракасқа шабуыл жасағаны туралы жазған едік.  Кейін Трамп президент Николас Мадуро мен оның жұбайы ұсталғанын мәлімдеді. 

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 00:00