Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Велосипеді шашылып қалған: Алматыда адам қағып өлтірген мотоцикл жүргізушісі іздестірілуде

Алматыда мотоцикл жүргізушісі велосипедшіні қатты жылдамдықпен соғып, жантүршігерлік жол апаты орын алды. Шашылып қалған велосипедтің иесі оқиға орында тіл тартпастан кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жол апаты Әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің қиылысында орын алды. Куәлардың айтуынша, мотоцикл Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатып батыс бағыттағы велосипедшіні соққан.

"Велосипедтегі ер адам соққыдан асфальтқа құлады. Мотоциклші бірнеше ондаған метр жүріп өтіп, жол жиегіне тоқтады. Қатты соққыдан велосипед бөлшектерге бөлініп қалды. Жүргізуші мемлекеттік нөмірді мотоциклден алып, жаяу қашып кетті", – деді оқиға куәгері.

1975 жылы туған велосипедші ер адам оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Полиция қызметкерлері апат болған жерде жұмыс істеп жатыр. Мотоцикл жүргізушісін іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау