Василий Левит жар іздеп жүр
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит жеке өмірі туралы пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Фото: theNews.kz
Танымал боксшы әлі отау құрып, көңіл жарастырған қызды кезіктірмепті.
“Үйлену үшін алдымен сүйген қызыңды жолықтыруың қажет. Ол өз кезегінде жеке өмірге көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Бірақ, қыз керек екен деп түнгі клубтарға бармаймын. Себебі ондай жерлер маған ұнамайды. Болашақ өмірімді қазір көз алдыма әрқалай қылып елестетемін, әйтседе тағдырдың жазуы болады. Дәл қазіргі сәтте менің отбасым олар – ата-анам, ағам мен әпкем”, – дейді олимпиада жүлдегері.
Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуі жанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.
AIBA ережесі бойынша, ел федерациясы жекпе-жек нәтижесіне қатысты шағым түсіре алмайды. Кейінірек аталмыш кездесуге қазылық жасаған төрешілердің спорттық шаралардан шеттетілгені мәлім болды.
Алайда Левитті барша жанкүйерлер мен спорт функционерлері қызу қолдап, оған “алтын” алған спортшыға тағайындалған сыйақының да берілетіні белгілі болды. Ал қазақстандық әзілкештер болса, аталмыш жекпе-жекке қатысты қалжың ролик түсіріп, желіде ресейлік боксшыны әжуалады.
Оқи отырыңыз:
Ардақ Назаров қазақстандықтарды арақтан бас тартуға шақырды (видео)
Кентал өзіне жар мен сәби іздеуде
Әкесіне таласқан Майғазиевтың қыздары желі қолданушыларын сүйсінтті (фото)