Әкесіне таласқан Майғазиевтың қыздары желі қолданушыларын сүйсінтті (фото)

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 9:22

Қазақ сахнасындағы серілердің бірі Сәкен Майғазиев бүгінде үш баланың әкесі. Жары Динарамен 22 жасында отасқан әншінің тұңғышы Әділетті ел біледі. Ер жетіп, ата-анасының қолғабысына айналған ол бүгінде жоғары оқу орнын да тәмамдап үлгерді. Араға бірталай жыл салып, Алла әншіге қос бірдей бүлдіршінді – Раяна мен Мәриямді сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz.

сакенбалалармен

Суретте Сәкен Майғазиев бейтаныс бүлдіршінмен. Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Періштедей қос ару Майғазиевтер отбасының көз қуанышына айналды. Жұмыс кестесінің тығыз болғанына қарамастан, әнші өзінің әкелік міндетін толықтай атқарып жүрген ұқсайды. Оны Майғазиевтың жарияланымдарынан анық көруге болады.

Күні кеше әнші қос қызын құшағына алып түскен суретін жариялады. Онда Майғазиевтың қыздары әке құшағына таласуда.

«Әкеге талас. Жаратушы ием баршамызға ұрпақтарымыздың жақсылығын ғана көруді бұйыртқай. АЛЛА – ұлық!» – деп жазды Майғазиев желідегі парақшасында.

14553122_674700479373577_3802071325783097344_n

Мұны көрген желі қолданушылары еріксіз сүйсінді.

«Анаңыз бен балаларға ерекше мейіріммен қарайтыныңыз ұнайды», «Ең керемет сәт», «Біздің үйде де тура осы жағдай», «Қандай керемет, өте мейірімді және қамқор әкесіз», «Үлкен қызыңыз шарасыздың күйін кешіп тұр ғой», – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Ұлықпан Жолдасов анасының 90 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Қайрат Нұртас романтикалық кешкі асты кім үшін әзірледі?

Жанна Орынбасарова: Тұрмысқа шықпағаныма өкінбеймін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 күні 11 сағат кері

Аллам тил-козден сактай кор!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар