Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Дүйсенбі, 14 Қараша , 2016 14:38

Ділназ Ахмадиева жұбайы Динараның көзінше Сәкен Майғазиевті мойнынан құшақтап суретке түсті. Мұны көрген желі қолданушылары әншіге сын тақты, деп хабарлайды Stan.kz.

ділназ_1

Жуырда эстрада жұлдыздары Нұржан Керменбаевтың қуанышына ортақтасты. Әншінің ұлы Мүслім 1 жасқа толды. Нұржан ұлының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестіріп дүркіретіп той жасады.

Той барысында әнші Ділназ Ахмадиева Майғазиев пен жұбайының ортасына тұрып суретке түсті. Ырым-тыйымды берік ұстанатын желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың арасына тұруға болмайтынын ескертсе, ендігі желі қолданушылары Ділназдың Сәкеннің мойнынан құшақтап тұрғанына мін тақты.

«Ерлі-зайыптының арасына есі ауысқан тұрады» деген мақал бар. Әйелі тұрғанда мойнына асылғаныңыз дұрыс болмапты», «Ділназ ханым жан-жағына қарап барып фотоға түскені жөн болар еді», «Мың жерден әріптес болса да Ділназ ханымдікі дұрыс емес. Біздің қазаққа жат. Ол әйелі мен күйеуінің ортасында және мойнына асылып алып», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Алайда ырым-тыйымға сенуге болмайтынын, әріптестер арасында мұндай дүниелердің болып тұратынын айтып, Ділназды жақтаған желі оқырмандары да баршылық.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлықпан Жолдасов анасының 90 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Карина Абдуллина ұлын Болат Сыздықовтың атына жаздырғанын айтты

Грузиялық топ Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнін орындап шықты (видео)

91 тобының қарағандылық тыңдармандары концертте топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
21 күні 22 сағат кері

Я ерсі көрінеді екен

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
06.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар