Левитке Олимпиада алтынына берілетін сыйақы табысталады

Сәрсенбі, 17 Тамыз , 2016 11:32

Рио Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Василий Левитке 250 мың доллар сыйақы беріледі. Аталған сома Олимпиада алтынын алған спортшыға берілетін сыйақымен тең.

20160817094935
Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Василий Левит Олимпиада рингінің финалдық кездесуінде тамаша нәтиже, жеңіске де айрықша ерік-жігер көрсетті. Ол Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алғаннан кейін оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы береді. Бұған қоса, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен аталған сомаға тағы да 100 мың доллар қосылады. Осылайша Левиттің сыйақысы «алтынмен» теңеседі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ федерация В.Левитті Олимпиада медалімен құттықтап, оның Қазақстан Бокс федерациясының, жаттықтырушылар штабының және бүкіл елдің сенімін ақтағандығын атап өткен.

«АИБА ережесі бойынша төрешілер шешіміне наразылық танытылмайды және біз Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл ережелерді сақтауға тиіспіз. Қазақстан Бокс федерациясы төрешілер шешімін сыйлайды», – деп атап өткен федерациядан.

20160817095045

20160817094953

20160817094946

20160817094941

Фото: ҚазАқпарат

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандықтар Василий Левитке алтын медаль жасатып беру үшін қаражат жинауда

Қазақстандық жұлдыздар Левитке қолдау білдірді (фото, видео)

Ұлттық құраманың бас бапкері: Левиттің қарсыласы менен кешірім сұрады

Ресейлік бапкер төрешілер Левитке қатысты әділетсіздік жасағанын айтты

Левиттің жеңілгені Олимпиадада үлкен дауға айналды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Асылхан says:

    Неге соншама акша бөледи жеңгендерге? Олар жалданган есепко сонда. Онсызда канша акшаны алады ай сайын. Олимпиадага барса ел ушин барсын намысы ушин барсын. Ал олар уй акша машина ушин барып жур. Оданда жибермейме намыской улдарды…жалдамалылар ылги

  • Анонимно says:

    Вообще ондай улкен акша бермеу керек олимпиада женимпаздарына каншама жагдайы нашар отбасыларымыз бар ондай акшаны неге сондайларга бермеске

  • Анонимно says:

    Далада жаткан акша барма екен сол озинетиесили 2 орын акшасын алуы тиис ол

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар