Қазақстандықтар Василий Левитке алтын медаль жасатып беру үшін қаражат жинауда

Сейсенбі, 16 Тамыз , 2016 17:18

Қазақстандықтар Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалында әділетсіздікпен жеңіліс тапқан боксшы Василий Левитке «алтын медаль» жасап беруді шешті.

57af9dbac5f39

«Facebook-тегі халайық! Біз бүгін түнде олимпиадалық жалғандық пен қастандықтың куәгері болдық. Бокс жекпе-жегінде біздің чемпион Василий Левит өз қарсыласынан бір саты жоғары болды. Төрешілер ресейлік боксшы Тищенкоға әділетсіз жеңіс сыйлады. Әуесқой бокстағы жемқорлық ауқымды көлемге жетті», – деп жазды танымал блогер Ғалым Байтоқ.  – Мен ресейлік сайттарды сүзіп шықтым, онда ресейліктердің өздері де отандасының бұл жеңісі жалған екендігін мойындап, Василий Левитті чемпион деп атады! Мұнда шындық бар және спорт тарихында төрешілердің қастандық етуінен жапа шеккен спортшыларға адамдар халықтық марапат көрсеткен кездер аз емес! Осы орайда, орын алған әділетсіздікке байланысты, Василий Левитке «Халықтың сүйіктісі» ұлттық марапаты аясында «Халықтың чемпионы – Народный чемпион» атағын беріп, Риодағы Олимпиада жүлдесі стилінде оған АЛТЫН МЕДАЛЬ табыстауды ұсынамын!».

Оның айтуынша, ҚР Ұлттық банкінің Теңге сарайы аталмыш медальді алтыннан аптап беруге дайын. Оның құны 1 миллион теңгеге шығады екен.

«Медаль халықтық сипатқа ие болу үшін және оны барша халық атынан табыстау үшін аталмыш қаражатты халық болып жинауды ұсынамын», – делінген оның Фейсбуктегі парақшасында.

Медальдің дизайнын танымал мүсінші әрі дизайнер Олжас Мұхамедиұлы жасап беруге уәде еткен.

Бұған дейін Василий Левиттің Қазақстан қоржынына күміс медаль салғанын хабарлағанбыз. Евгений Тищенко финалдағы жекпе-жектің қорытындысы бойынша өз ойын айтқан. Тіпті ресейлік бапкер төрешілер Левитке қатысты әділетсіздік жасағанын айтты. Жанкүйерлер жеңісті Левиттің қарсыласына берген төрешілерге қарсы шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Александр Зайчиков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Василий Левит Қазақстан қоржынына күміс медаль салды

Олимпиадада қарсыласымен қол алыспаған Мысыр дзюдошысы еліне қайтарылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар