Васильев Қазақстанға трамплиннен секіруден алғашқы тарихи жүлде әкелді
Фото: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Данил Васильев трамплиннен секіруде тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Польшадағы Висла қаласында өткен жазғы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдені иеленді.
Шешуші сында Васильев 119,3 ұпай жинап, тек Австрия өкілі Никлас Бахлингерден ғана қалып қойды. Үшінші орынға Болгариядан келген Владимир Зографский тұрақтады.
Бұл табысы арқылы қазақстандық спортшы 2026 жылы Миланда өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алуға бір қадам жақындады.
Айта кетейік, жазғы Әлем кубогы жарыстарында Қазақстан атынан бұған дейін ең жоғары нәтиже 2021 жылы тіркелген еді. Ол кезде Сергей Ткаченко Щучинскіде өткен кезеңде алтыншы орынға табан тіреген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

