AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салғызған адам қандай жағдайда вирусты өзгелерге жұқтыра алады

Коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін адам басқаларға вирус жұқтыра ала ма? Бұл сұраққа Е.И.Марциновский атындағы Медициналық паразитология, тропикалық және трансмиссивті аурулар институтының директоры, вирусолог Александр Лукашев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Коронавирустық вакцинациядан кейін адам вирус жұқтыра алмайды, өйткені ешқандай вакцинада тірі күйде коронавирус жоқ. Ол инактивті немесе аденовирусқа салынған әлсіз бөлшегі ғана болады. Онда тірі коронавирус болуы мүмкін емес. Тұмаудың пайда болуы мүмкін белгілеріне келетін болсақ, оларды нақты инфекциямен шатастырмау қажет. Температура, басқа да белгілер – бұл организмнің микроорганизмнің бөлшектеріне қалыпты түрдегі ішкі реакциясы және бұл иммундық жүйе енгізілген вакцинаны дұрыс қабылдайтындығын көрсетеді", – дейді дәрігер ТАСС-қа берген сұхбатында.

Сондай-ақ вирусолог Виктор Ларичев вакцинадан өткен вирус тасымалдаушылар оны таратуын жалғастыра береді және айналадағыларға қауіпті саналады деп атап өтті. 



“Адам вакцина алуға вирус жұқтырған күйде келген жағдайда ғана бақсаларға оны жұқтыра алады, демек вирус тасымалдаушы бола алады. Себебі мұндай жағдайда вакцина егілсе де, оның жұқтырғыштық қабілеті сақталады. Алайда адам ауырмаған күйде вакцина алса, онда ол вирус тарата алмайды”, – дейді ол.

Маманның айтуынша, адамдардың осыған қатысты қорқынышы кейбір вакциналар құрамында тірі вирустың болуында еді. Осыған байланысты адамдар шынымен де белгілі бір уақытқа вирус жұқтыруға бейім болған. 

“Мұндай теріс пікір қайдан туындап жатқанын түсініп отрырмын. Мәселен, қызылшаға қарсы вакцинаның құрамында тірі вирус бар, оның күші әлсіз, мұндай вакцинадан соң адам вирусты жұқтыра алады. Сол үшін бұл вакцина жүкті әйелдерге салынбайды. Алайда ”Sputnik V" вакцинасының өзінде вирустың бөлшегі болса да, ол көбейе алмайды. Сондықтан оны салдырған адам вирусты таратушы бола алмайды”, – деді маман.

 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр