Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға вакцина салуға болмайтыны туралы анықтаманы кім береді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, онда "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы" 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулыға толықтыру енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 "профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес коронавирусқа қарсы профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға вакцинация жүргізілмейді", – делінген құжатта.



"Коронавирусқа қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда - фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін береді. Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетіледі", – делінген қаулыда.

Талқылау