AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы": Елордалық дәрігерлер ауруханалардағы жағдайды көрсетті

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы науқастарға лық толы инфекциялық ауруханалар түсірілген видео таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

инфекция

Бейнежазбада төсектерде жатқан науқастар анық көрінеді. Видео инфекциялық станционарда түсіріліпті. 

"Сіздер немесе туыстарыңыз ауруханадан бір-ақ шығуларыңыз мүмкін. Ауру өте қауіпті  және барған сайын "жасаруда". Біздің дәрігерлер 24 сағат бойы аяққа тік тұрып, науқастардың өмірлері үшін күресуде. Жағдайдың қаншалықты қорқынышты екенін өздеріңіз көріңіздер", – дейді видео авторы. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, видеодағы №1 көп бейінді қалалық аурухана мен №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханалары. Бұған дейін бұл станционарлар инфекциялық аурухана болып қайта жабдықталған.  



"Инфекциялық ауруханаға бейімделген күннен бастап, жансақтау бөлімі науқастарға толы. Күн сайын олардың жағдайлары нашарлап, көз жұмуда. Балалар ауруға жиі шалдығатын болды. Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз", – дейді елордалық дәрігер. 

Бұған қоса, ол коронавирустың жеңудің жалғыз жолы вакцина екенін атап өтті. 

Айта кетсе, елімізде эпидемиологиялық жағдай күннен күнге өршіп барады. Өткен тәуілікте бес мыңнан астам қазақстандық қауіпті індет жұқтырған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр