AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйіндінің астында қаламыз": Алматыда сүрілмеген ескі үйлердің төбесі опырылып түсіп жатыр

Алматыда екі қабатты ескі үйдің төбесі бірінен кейін бірі опырылып түсіп жатыр. Мұндай оқиғалардың жиілеуі тозығы жеткен баспанада тұратын жұрттың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Тұрғындар басқа үйге көшпесек, үйіндінің астында қалуымыз мүмкін деп шулады. Алайда жауаптылар 60 жыл бұрын салынған үйлердіі жақын арада сүрілмейтінін алға тарты емес.

Жақында екі қабатты ескі үйдің ішіндегі пәтердің төбесі жартылай опырылып түскен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл оқиға 60 жыл бұрын салынған баспанада тұратын халықтың қорқынышын арттырды. Тұрғындар үйіндінің астында қаламыз ба деп уайымдайды.

“Құлауға шақ тұр. Былай түртіп қалсаң, құлап жатыр. Едені тесіктесік. Астында тышқандар жүр. Әне, төбені қараңыздар. Адамның басына түседі. Астының барлығы су. Отырмыз, міне. Бұл жерде қаншама адам тұрып жатыр”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сырғагүл Кемерова.

Райымбек даңғылының бойында орналасқан алты үйдің сырты да, іші де адам тұрғысыз. Қабырғасы опырылып, едені ескірген. Тоғы салбыраған. Жауын-шашында төбеден су сорғалайды. Тозығы жеткен баспананы қайта-қайта жамағанымен, оның пайдасы болмаған.

“2003 жылдың мамырында үйлерің сүріледі деп айтқан. Одан кейін бірнеше жиналыс болды. Құжат жинады. Бізді әкімдікке шақырды. Бірақ нәтиже жоқ. Не жөндемеді, не сүрілмеді. "Күтіңдер" дейді. Міне, жиырма жыл болды. Жылда айтады. Бірақ сүрмейді”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сәуле Ибрайымова.

Тұрғындар талап-тілектерін шенеуніктерге талай мәрте жеткізген. Алайда әкімдіктегілер "Үйлеріңіз бұзылатыны айдан-анық, бірақ қай күні екенін нақты айта алмаймыз" деген көрінеді. 

”163 үйдің тізімін бердік. Осы үйлерді сүруге ықпал жасаймыз. Инвестор тарту арқылы, коропорация арқылы жұмыс жасаймыз. Мен ойламаймын, бұл жерде қиындықтар туындайды деп. Қалай бізге айтады. Соған орай бірлесіп жұмыс істейміз”, – дейді Жетісу ауданы әкімдігі коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Қуаныш Сейтімбетов.

Өткен жылы басталған ескі үйлерді жаңарту бағдарламасын "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырады. Ұлттық компания алдағы төрт жылда қаланың келбетін қашырып тұрған дәл осындай екі қабатты үйлердің көзін жоймақ. Мәселен, Жетісу ауданында мұндай апатты үй саны 200-ге жуық. Сондықтан тұрғындардың кезекті күтуіне тура келеді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр