Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйде емделіп жатқан пневмониясы бар науқастарға дәрі тегін берілетін болды

Онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова үйде емделіп жатқан пневмониясы бар науқастарға дәрі тегін берілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр пандемия кезінде халыққа үй жағдайында медициналық көмек көрсетілетінін айтты. Оның сөзінше, мемлекет тарапынан тегін дәрі-дәрмек беріледі, пневмониямен ауырып, үйде емделгендер қажетті препараттармен толық қамтамассыз етілетін болады. 

"Бұл дәрі-дәрмектерді учаскелік дәрігер жазып береді және ол бақылаушы орган қанша препарат, кімге жазылып берілгенін көріп отыруы үшін ақпараттық жүйе арқылы өтеді. Бұл препараттарды мобильді бригадалардың да жеткізіп беруі жоспарланған. Дәрігер тегін қамтамасыз етілетін мұндай препараттарды жазып бергенімен, пациент дәріханадан барып алатын жайттар болып жатса, онда мұндай фактілерді бізге хабарлауды өтінеміз. Шара қолданатын боламыз", - деді вице-министр.

Сонымен қатар, вице-министр мобильдік бригадалардың да жұмысына тоқталып, олар халыққа қолайлы болу үшін бар жағдайды жасайтынын айтты.


Талқылау