Үй жанындағы дүкен иелері табысын қалай арттыра алады

Бұл мәселені шешу үшін Halyk Bank Қазақстанда заңды тұлғаларға арналған алғашқы бонус бағдарламасын әзірледі.
Үйдің жанындағы шағын азық-түлік дүкендері қалалық ландшафтың бұрыннан қалыптасқан бір бөлігіне айналды. Тұрғын үй кешендері мен көп қабатты үйлердің тұрғындары үшін бұл дүкендер өте ыңғайлы: әдетте, мұндай шағын дүкендерде бірінші кезектегі қажетті тауарлардың барлығы бар. Бірақ істің табыс әкелуі үшін дүкен иесі көптеген факторларды ескеруі керек. Оның ішінде өнім ассортиментін қалыптастыру және дистрибьюторлармен дұрыс реттелген өзара әрекеттесу арқылы сатып алу процесін басқару. Ал осы мәселеде кәсіпкерлерге Halyk-тың OnlineDuken сервисі өз септігін тигізеді. Осы платформамен жұмыс істеу артықшылықтарын 10 000-нан астам дүкен иесі бағалап, сервисті тұрақты түрде белсенді пайдаланып келеді.
Бұл заңды тұлғаларға арналған Onlinebank қосымшасына орнатылған ыңғайлы В2В- платформасы. Ол арнайы үй жанындағы дүкен иелері үшін әзірленген, сатып алу процесін жеңілдетуге және ең жақсы серіктестерді табу үшін арналған, нәтижесінде шығындарды айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бірақ осылармен ғана шектелу болған жоқ. Ағымдағы жылдың сәуір айында Halyk арнайы өз клиенттері үшін бірегей адалдық бағдарламасын әзірледі: OnlineDuken-де әрбір тапсырысқа жасалған төлем үшін дүкен иесі бонустар алады, ал алғашқы үш төлем кәсіпкерге тапсырыс құнынан 25% мөлшерінде жоғары бонустар әкеледі. Кейіннен әр төлем үшін 5% бонус есептеледі, мысалы ол бонуспен салықтық міндеттемелердің бір бөлігін немесе барлығын жабуға болады, осылайша кәсіпкер сатып алу барысында үнемдеп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы шығындарды азайтады, бизнестің қаржылық тұрақтылығын арттырады. Сонымен қатар кейіннен алынған бонустармен келесі тапсырыстар сомасының бір бөлігін төлеуге болады. Бұл бонустық бағдарлама қазақстандық банктер арасында бірінші болып кәсіпкерлерге арналған осындай сервисті енгізген Halyk-тің эксклюзивті шешімі болып табылады.
"Біз платформамен ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз – ыңғайлы, жылдам, барлығы бір жерде. Ал бонус жүйесі іске қосылғаннан кейін бұрынғыдан да тиімдірек болды: тапсырыстарды төлейміз, бонустар аламыз және оларды келесі сатып алу кезінде пайдаланамыз. Бұл біздің дүкенімізге нақты үнемдеуге көмектеседі. Көбірек тауар сатып алып жатырмыз, ассортиментімізді кеңейтіп жатырмыз – пайдамыз өсіп жатыр. Осындай қолдау көрсеткені үшін Halyk-қе рахмет", – деп өз пікірімен Алматы қаласында орналасқан үй жанындағы дүкен иесі Айбек Касенов бөлісті.
“Halyk шағын бизнесті қолдауға баса назар аударады. Біздің жұмыс тәжірибеміз бизнес-процестерді цифрландыру сауда айналымының барлық қатысушыларына оң әсерін тигізетінін айқын көрсетеді. Ең алдымен, бұл әр кезеңдегі операциялардың қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Біздің банк кәсіпкерлер үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған және OnlineDuken платформасы Halyk-тің кезекті алға басатын сервисіне айналды. Клиенттерімізді Onlinebank қосымшасы ұсынатын цифрлық мүмкіндіктерді мүмкіндігінше көбірек пайдалануға ынталандыру үшін біз арнайы адалдық бағдарламасын жасадық, соның арқасында OnlineDuken-дегі әрбір төлем үшін бонустар есептеледі. Бұл бастаманы бизнес өте оң қабылдады, өйткені бұған дейін қазақстандық банктердің ешқайсысы мұндай шешімді ұсынбаған еді”, – деп атап өтті Halyk-тың Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәурен Сартаев.
OnlineDuken-нің пайдасы дүкен иелері үшін де, сондай-ақ дистрибьюторлар үшін де айқын. Біріншілері үшін - сатып алу кезінде үнемдеу, ассортиментті кеңейту және пайданы арттыру. Екіншілері үшін - айналым мен сатып алу көлемінің өсуі, процестердің цифрландырылуы арқылы дүкен иелерімен өзара әрекеттесудің ыңғайлылығы мен оңайлылығы. Неғұрлым кеңірек тұрғыдан алғанда OnlineDuken-ді шағын бизнестің дамуын ынталандыруға бағытталған заманауи және ашық құрал ретінде қарастыруға болады.