Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үстел жинап, бала бағады": Желіде солтүстіктегі ер азаматтардың жүрек жылытар видеосы тарады

Желіде солтүстіктің ер азаматтарының жүрек жылытар видеосы тарадыВидеодан скрин

Әлеуметтік желіде солтүстіктегі ер азаматтардың жүрек жылытар видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан әйелдердің демалып, ер адамдардың үстел жинап, үй шаруасына көмектесіп, балаларды бағып жүргенін байқауға болады. 

Видео желідегілердің жүрегін жылытты. Пікір қалдырушылар ролик кейіпкерлеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.

“Міне, нағыз әке мен жар деген осылар”, “Солтүстік Қазақстанның ерлеріне – респект”, “Біздің солтүстіктің жігіттері ең керемет. Олар аналарын, әпке-қарындастарын, әйелдерін құрметтеп, еркелетіп жүреді” – деп жазды желідегілер.


Америкаға бала бағуға барған 24 жастағы қазақстандық ару шетелдік қайын атасымен бешбармақ пісірді (видео)


Алайда, видеоны шындыққа жанаспайды дегендер де бар. 

“Бізде ешкім саусағын да қимылдатпайды, үстел сүрту не бала қарау былай тұрсын”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Жарияланым астында бір қолданушы ер адамдардың әрекетін былай түсіндірді.

“Басқа өңірдің әйелдері солтүстік ерлерін әйелдері билеп-төстейді деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ олай емес. Біздің ерлер дастарқанда, әсіресе құдайы ас пен дұға кезінде, қыздар үлкендердің алдында еңкейіп қалмас үшін, сыйластық ретінде үстелді өздері жинайды. Сондықтан дәстүрімізді білмей тұрып, сынаудың қажеті жоқ”, – деп жазды ол. 

Осы пікірлерден кейін “солтүстік” пен “оңтүстік” туралы үлкен дау басталды. 

“Мен ешқашан Солтүстік Қазақстанда әйелін ұрып, өлтірді деген қылмыстық жаңалық естіген емеспін. Бүкіл сорақылық оңтүстікте болып жатыр”, – деп жазды бірі.

Бұл пікірден кейін әйелдер солтүстік өңірлерде де зорлық-зомбылық бар екенін дәлелдейтін мысалдар келтіріп, “қылмыстың географиясы болмайтынын” жарыса жазды.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 04 Қараша, 2025 21:57
Талқылау