Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков өзін сынайтындарға тіл қатты

Бірер күн бұрын үшінші рет шаңырақ көтерген атышулы “5:32” сериалының жұлдызы Әбілмансұр Серіков өзін сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актер сүйіктісімен суретін жариялағаннан кейін қазақстандықтар өнер иесін сынай бастады.
“Неке қиюға спорттық киіммен келгеніне үйреніп кеткен шығар”, “Неге қыздарға бұл сабақ болмайды?”, “Тағы да “менімен бірге ол өзгереді” деген жағдай”, “Бұл үшінші әйелі ме? Төртінші рет үйленсе де таңғалмаймыз”, – деп жарыса жазды оқырмандар.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне тілек жолдаған оқырмандарына сол ниеттері еселеніп қайтсын деп тіледі.
“Егер бұл өмірде, бақытты болу оңай болатын болса, бәрі бақытты болар ма еді… Қандайда бір тілеген тілектеріңіз, өздеріңізге еселеніп қайтсын. Әмин”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Әбілмансұр Серіков – қазақстандық театр және кино актері. Ол танымал актер Әбунасыр және актриса Лиза Серіковтердің отбасында дүниеге келген.
Әбілмансұр Серіктовтың алғашқы отбасынан екі ұлы бар. Актер экс-әйелі Фариза Ещановамен студенттік шақта танысып, отау құрған, алайда 2018 жылы ажырасып кетті. Бірінші жұбайы театр және кино актрисасы, сонымен қатар вокалдан сабақ берді. Өнер иесінің екінші жары – Ақмарал Танабаева да өнерден алыс емес, олар Астанадағы Қ. Қуанышбаев атындағы театрда бірге қызмет етіп, бірнеше қойылымда бой көрсеткен. Олар 2020 жыл басында үйленіп, кейін жолдары екіге айырылды. Әртістердің ортақ екі ұлы бар.
"Басқа әйел пайда болды": Актер Әбілмансұр Серіковтің экс жұбайы жеке өмірінен сыр шертті
"Дос-Мұқасандағы" рөлім үшін тырнап алды": Әбілмансұр Серіков танымал болудың қиындығын баяндады
Еске салайық, бұған дейін Әбілмансұр Серіков үшінші рет шаңырақ көтергені хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған