"Үш рет кездесіп, үйленіп кеттім": Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Өнер иесі журналист Зарина Мүсілімге сұхбат беріп, үшінші некесіне қатысты әңгіме өрбітті.
“Қатты күйзелісте жүргенде қажылыққа бардым. Сол жақта отырып, күндіз-түні дұға етумен болдым. Ажырасқаннан кейін ауырдым. Жанымда ешкім қалмады. Ақшам да жоқ, қарызға да кірдім. Сондай қиын сәтте Меккеге кетіп қалған едім. Қатты шаңырақ көтеріп, отбасын құрғым келді. Құдайдан сұрадым. Болашақ келіншегімнің бет-әлпетіне дейін сұрадым. Сол кезде болашақ келіншегім де Меккеде өзіне жар сұрапты. Ең қызығы, күйеуінің әзілге жақын болуын тілеген. Соны естігенде қатты таңғалдым. Меккеден келгеннен кейін, бір күні жақын адамым маған бір келіншекпен танысуымды өтінді. Жеке парақшасын жіберіп, реакция жібердім. Ол да солай жауап берді. Содан сөйлесіп кеттік. Бірден “Маған күйеуге шығасың ба, үйленейік” дедім. “Аға, асығыссың ғой” деп әзілдеді. Солай әңгімеміз жарасып, шаңырақ көтердік. Үш рет кездесіп, үйлендім”, – деді актер.
-
"Бетіне баспа": Әсел Асқар екі баласы бар келіншекке үйленген Жахан Отарғалиевке ақыл айтты
-
"Ешкімнің басына бермесін": Балжан Бидаш ажырасқан сәтін есіне алды
Алайда актер келіншегінің бірінші некесінен екі қызы барын да жасырмады.
“Осы уақытқа дейін баласы бар келіншекке үйленемін деп ойламадым. Бірақ маңдайға жазғанын көреді екенбіз. Мектеп жасындағы екі қызы бар екенін айтты. Соларға жақсы әке болуды армандаймын. Әріқарай бала сүйіп, жарасымды отбасы болу үшін барымды саламын. Кіші қызы “Сізді қалай атаймыз” деді: “Көке деп айтыңдар” дедім. Шүкір, қазір бәрі жақсы”, – деді әзілкеш.
Еске салайық, "Дұрыс адам болып қалу маңызды" деп Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевтың жаңалығына қатысты пікір білдірген еді.